Жамбыл облыстық нотариаттық палатасының Алқасы мен Тексеру комиссиясының шешіміне сәйкес, өткен жұма күні, 2022 жылдың 22 шілдесінде табиғаты ерекше көркем, Жамбыл облысы, Мерке ауданы, Меркі шатқалындағы «Көккөл» демалыс аймағында ҚР нотариатының 25 жылдығына арналған салтанатты шара өтті.Іс-шара бағдарламасына мыналар кірді:1.Ашылу салтанаты. Кіріспе сөзбен ЖОНП төрайымы Сырғабаева Л.Қ.2. Шара қонақтарын құттықтау, сөз сөйлеу.3. Нотариустарға және Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мемлекеттік органдарының, Республикалық нотариат палатасының, Әділет департаментінің, жергілікті мемлекеттік, өкілді және атқарушы органдардың өкілдері наградаларды тапсыру.4. Жамбыл нотариаттық округі нотариустарының қатысуымен гала-концерт.5. «Көккөл» демалыс аймағындағы мейрамханада мерекелік кешкі ас.Республикалық нотариаттық палата атынан РНП төрайымы Жанабилова Әсел Булатказықызы құттықтау сөзін сөйлеп, нотариустар мен мемлекеттік органдардың өкілдеріне РНП наградаларын: «Нотариат саласына қосқан үлесі үшін» төсбелгісін, «Нотариат саласындағы адал еңбегі үшін» медалін және Республикалық нотариаттық палатаның Құрмет грамотасы мен Алғыс хаттарын табыс етті.Салтанатты шараға Алматы қаласы нотариаттық палатасының төрайымы Қалабаева Қаракөз Қопабайқызы, Алматы облысы – Ақылтаева Сәуле Қуантайқызы, Түркістан облысы – Джүнісбекова Ләззат Сахитжанқызы, Ақмола, Қызылорда облыстарының нотариаттық палаталарының өкілдері, сондай-ақ Қырғыз Республикасының нотариустары қатысты.Сондай-ақ, нотариустар Жамбыл облысы әкімінің, Тараз қаласы әкімінің, аудандар мен облыс мәслихаттарының Құрмет грамоталарымен марапатталды.Қонақтардың назарына Жамбыл облыстық нотариаттық палатасының құрылуының бастауында тұрған нотариустар, Жамбыл нотариаттық округінің «алғашқы қарлығаштары», басқарма алқасының алғашқы мүшелері туралы естеліктер жазылған қызықты, танымдық бейнеролик ұсынылды. Шараның Салтанатты бөлімін талантты нотариустар Назарбекова Зәуреш Омарқызы, Авданбаева Жанар, Темірғалиева Салтанат және т.б. жалғастырды. Әріптестеріміз өз білімдері мен кәсіби шеберліктерін көрсетіп қана қоймай, өмірдің басқа салаларында: поэзияда, спортта, музыкада, биде қаншалықты қабілетті бола алатынын көрсетті. Қонақтар вокалшылардың, жатқа айтушылардың, бишілердің өнерін жоғары бағалай алды.2022 жылдың 23 шілдесінде сағат 11:00-ден бастап қонақтар «Сүйіндік» демалыс аймағының аумағында корпоративтік пикникке тауға шықты. Мереке өтетін жерге апару көлігі, ашық ауада түскі ас және киіз үй ұйымдастырылды.
*****************************************************
В соответствии с решением правления и ревизионной комиссии Жамбылской областной нотариальной палаты в прошлую пятницу, 22 июля 2022 года, в живописной, с уникальным природным ландшафом Зоне отдыха «Көккөл» в ущелье Мерке Меркенского района Жамбылской области Жамбылской областной нотариальной палатой было проведено торжественное мероприятие, посвященное 25-летию казахстанского нотариата.
в Программу мероприятия вошли:
1.Открытие. Вступительное слово председателя ЖОНП Сыргабаевой Л.К.
2.Выступления, поздравления гостей мероприятия.
3.Вручение нотариусам и представителям государственных органов наград Министерства юстиции Республики Казахстан, Республиканской нотариальной палаты, Департамента юстиции, местных государственных, представительных и исполнительных органов.
4.Гала-концерт с участием нотариусов Жамбылского нотариального округа.
5.Торжественный ужин в ресторане при зоне отдыха «Көккөл».
От имени Республиканской нотариальной палаты с поздравительным словом выступил председатель РНП Жанабилова Асель Булатказыевна, вручила нотариусам и представителям государственных органов награды РНП: Нагрудный знак «Нотариат саласына қосқан үлесі үшін», Медаль Республиканской нотариальной палаты «Нотариат саласындағы адал еңбегі үшін», медаль «Қазақстан нотариатына 25 жыл», Почетной грамотой, Благодарностью Республиканской нотариальной палаты.
В торжественном мероприятии приняли участие председатели нотариальных палат города Алматы Калабаева Каракоз Копабаевна, Алматинской области-Акилтаева Сауле Куантаевна, Туркестанской области-Джунисбекова Ляззат Сахитжановна, представители нотариальных палат Акмолинской, Кызылординской областей, а также представители нотариата Кыргызской Республики.
Также были вручены нотариусам округа Почетные грамоты акима Жамбылкой области, Акима города Тараз, маслихатов районов и области.
Вниманию гостей был представлен интересный, содержательный видеоролик с воспоминаниями нотариусов, стоявших у истоков создания Жамбылской областной нотариальной палаты, «первых ласточек» частного нотариата Жамбылской области, первых членов правления, поздравлениями коллег.
Торжественную часть продолжили выступления талантливых нотариусов Назарбековой Зауреш Омаровны, Авданбаевой Жанар, Темиргалиевой Салтанат и др. Наши коллеги продемонстрировали не только свои знания и профессиональные умения, подтверждением чему являются награды за их заслуги перед нотариатом Республики, но они также показали, какими способными могут быть нотариусы в других сферах жизни: поэзии, спорте, музыке, танцах. Гости смогли оценить выступление вокалистов, чтецов, танцоров.
23 июля 2022 года с 11.00 ч. гости выехали в горы на корпоративный пикник на территории зоны отдыха «Сүйіндік». К месту проведения торжества был организован трансфер, обед на природе в юрте.