Жамбыл облыстық нотариаттық палатасының 2020 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес 2020 жылдың 28 маусымында Жамбыл облыстық нотариаттық палатасының YouTube – арнасында құқық магистрі, ҚР Жер және экологиялық құқықтың жетекші сарапшысы Бақытжан Базарбектің “Қазақстан Республикасының жер заңнамасының кейбір нормаларын қолдану және түсіндіру, сонымен қатар Жамбыл облысының нотариустарына жер құқығы институттарын түсіндіру: сұрақтар мен жауаптар, мәселелер, тәуекелдер, сот тәжірибесі” тақырыбында оқыту вебинары өтті.
Күн тәртібінде келесі мәселелер талқыланды:
Тақырып 1. Жерге меншік құқығы
– Жеке меншіктегі жер учаскесін иеліктен шығару тәртібі;
– Жерге жеке меншік құқығын шектеу ерекшеліктері;
Тақырып 2. Уақытша өтеулі жер пайдалану құқығы
– Уақытша өтеулі жер пайдалану құқығын сатып алу ерекшеліктері;
– Қазақстан Республикасында жер пайдалану құқығын иеліктен шығарудың құқықтық шарттары мен ерекшеліктері;
– Жер пайдалану құқығын шектеу ерекшеліктері;
Тақырып 3. Шаруа (фермер) қожалығын жүргізу мақсаты үшін бөлінген жер учаскелерін пайдалану және иеліктен шығару ерекшеліктері, шарттары
– Шаруа және фермер қожалығын жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелері: құрамы, беру тәртібі, иеліктен шығару шарттары;
– Шаруа және фермер қожалығын жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін мұрагерлік ерекшеліктері мен шарттары;
– Шаруа және фермер қожалығын жүргізу үшін пай жерлері есебінен қалыптастырылған ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелері: шартты жер үлестері, иелік ету, иеліктен шығару;
Тақырып 4. Нотариаттық қызметке тікелей қатысты жер құқығының өзге де мәселелері
-Жерге құқықтарды сотта даулауға, жер учаскелерінің шекараларын салуға байланысты жер даулары (жапсырма) және қолданыстағы сот-құқықтық практика;
– Құқықтық және іс жүргізу негіздері мен ерекшеліктері, жер комиссиясының шешіміне, жерге құқық беру туралы Жергілікті атқарушы органдардың (ЖАО) шешіміне шағымдану, жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы, жерге конкурс және аукцион нәтижелерін даулау;
– Мемлекет мұқтажы үшін және жер учаскесін мақсаты бойынша пайдаланбауына (игерілмеуіне) байланысты жер учаскелерін мәжбүрлеп иеліктен шығару мәселелері);
________________________________________________________________________________________________________________________________________________
В соответствии с планом работы Жамбылской областной нотариальной палаты на 2020 год 28 июня 2020 года на YouTube- канале Жамбылской областной нотариальной палаты прошел обучающий вебинар Бахытжана Базарбека – магистр права, ведущего эксперта земельного и экологического права в РК на тему: «Вопросы применения и толкования некоторых норм земельного законодательства Республики Казахстан и разъяснение некоторых институтов земельного права нотариусам Жамбылской области: вопросы и ответы, проблемы, риски, судебная практика».
В повестке дня обсуждались следующие вопросы:
Тема 1. Право собственности на землю
– Порядок отчуждения земельного участка находящегося в частной соственности;
– Особенности ограничения права частной собственности на землю;
Тема 2. Право временного возмездного землепользования
– Особенности выкупа права временного возмездного землепользования;
– Правовые условия и особенности отчуждения права землепользования в Республике Казахстан;
– Особенности ограничения права землепользования;
Тема 3. Особенности, условия пользования и отчуждения земельных участков, отведенных для цели ведения крестьянского (фермерского)хозяйства
– Земельные участки сельскохозяйственного назначения для ведения крестьянского и фермерского хозяйства: состав, порядок предоставления, условия отчуждения;
– Особенности и условия наследования земельных участков сельскохозяйственного назначения для ведения крестьянского и фермерского хозяйства;
– Земельные участки сельскохозяйственного назначения для ведения крестьянского и фермерского хозяйства сформированные за счет паевых земель: условные земельные доли, распоряжение, отчуждение;
Тема 4. Иные вопросы земельного права, напрямую касающиеся нотариальной деятельности
– Земельные споры, связанные с судебным оспариванием прав на землю, с наложением границ земельных участков (накладка) и существующая судебно-правовая практика;
– Правовые и процессуальные основы и особенности, обжалования решении Земельной комиссии, решении местных исполнительных органов (МИО) о предоставлении прав на землю, об изменении целевого назначения земельного участка, оспаривание результатов конкурса и аукциона на землю;
– Вопросы принудительного отчуждения земельных участков для государственных нужд и в связи не использованием земельного участка по назначению (не освоением);