Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретінде рөлін күшейтіп, оны ұлтаралық қатынас тіліне айналдыру тапсырмасы алға қойылды.
Тіл мәселесі бойынша еліміздің Оңтүстік өңірінде орналасқан соттардың біріктірілген конференциясы 2019 жылғы 8 қараша күні Шымкент қаласында өткізілді.
Сот жүйесінің бұқара халықпен тығыз қарым-қатынасының маңыздығын ескере отырып, қазақ тілінің рөлін сот ісін жүргізуде қолданылуын күшейту жұмысын жұмыла жүргізу қажеттілігі басты назарда болды.
Жамбыл облысы сотының бастамасымен аталған іс-шараға облысымыздың құзырлы мемлекеттік органдары мен қоғамдық бірлесіктерінің қатарында Жамбыл облыстық нотариаттық палатасы да қатысып, палата төрайымы Латипа Қонысбекқызы Сырғабаева «Қазақстан Республикасының нотариаты: өзекті мәселелері» тақырыбында баяндама жасады. Баяндамсында Л.Сырғабаева нотариат саласындағы қазіргі таңда орын алып жатқан өзгерістер мен жаңалықтарға тоқтала келе, тіл мәселесі нотариустардың үнемі назарынан қалмағанын тілге тиек етіп, жылдан-жылға нотариустармен әзірленетін нотариаттық құжаттарының мемлекеттік тілінде жасалған құжаттардың саны жыл асып көбейіп келетінін жеткізді.
Сонымен қатар осы мәселеге тереңірек үңіліп, қолданыстағы заңнамаға өзгерістір еңгізу кезінде нотариустардың ұсыныстары еленбей қалмаса екен деген пікір білдірді.
Сот органдарымен бірлесіп, нотариустар қауымдастығы да заман талабына сәйкес жаңа бағытта қызмет көрсетуге дайын екенін естен шығармағанымыз жөн.