26 қыркүйек күні Жамбыл облыстық нотариаттық палата конференц-залында Жамбыл облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқарма мамандарының қатысуымен «Менімен қазақша сөйлес» акция аясында «Нотариаттық іс-әрекет жасаудағы мемлекеттік тілдің рөлі» тақырыбында кезекті оқыту семинар-тренингі ұйымдастырылды.
Семинарға Жамбыл нотариаттық округының нотариустары оффлайн және онлайн қатысты.
Семинар барысында нотариаттық іс-әрекеттерді жасау кезінде мемлекеттік тілді қолдану ережелері жіті түсіндіріліп, әдістемелік көмек көрсетілді. Басқарма мамандары нотариустарға үш тілде тегін үйрену мүмкіндіктер туралы түсіндіріп, басқарманың ғимаратында орналасқан тегін курстарға қатысу арқылы тіл меңгеру деңгейлерін арттырумен қатар, нотариустар тарапынан ұсыныстар болса, тіл басқармасы мамандары 15 адамға дейін жасақталған топтарға аптасына бір рет 2,5 сағат көлемінде тіл үйрету курстарын ұйымдастыру мүмкіндік бары жөнінде түсіндірді.
Нотариус қауымдастығы үшін мұндай оқыту дәрістерінің зор маңызы мен әдістемелік көмектің қазырғы таңда өте қажет екендігі туралы нотарпиаттық палата төрайымы Л.Сырғабаева жиналғандар назарына жеткізді.
26 сентября 2022 года, в конференц-зале Жамбылской областной нотариальной палаты был проведен очередной обучающұий семинар-тренинг на тему: «Нотариаттық іс-әрекет жасаудағы мемлекеттік тілдің рөлі» для нотариусов Жамбылского нотариального округа, организованный специалистами Управления по развитию языков акимата Жамбылской области в рамках республиканской акции «Менімен қазақша сөйлес». Нотариусы были ознакомлены с действующими сайтами и мобильными приложениями с актуальными темами по изучению государственного языка.