2020 жылдың 10 қаңтар күні Жамбыл облыстық сотында ” Банктік қарыз шарттарынан сотқа дейінгі туындайтын дауларды реттеу ” тақырыбында семинар өткізілді . Семинарға облыстық соттың, аудандық және оған теңестірілген соттардың азаматтық істерді қарауға мамандандырылған судьялары, ҚР Ұлттық Банкі филиалының, Екінші деңгейдегі банктердің өкілдері, медиаторлар, нотариустар, адвокаттар және заң консультанттары қатысты.
Он-лайн режимінде Банк омбудсмені Сийрбаев Ерсерик Даменұлы “Банк қарыздары бойынша келіспеушіліктерді сотқа дейін реттеу” тақырыбында баяндама жасады.
Барлық тыңдаушылар өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алып, осы тақырып бойынша көп ақпарат алды.
Для отправки комментария вам необходимо авторизоваться.